443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Apple қолжетімді iPhone шығармақ

  • 328
  • UPD: 16:30, 23.01.2020
Apple қолжетімді iPhone шығармақ

Apple компаниясы ақпан айында бюджеттік iPhone өнімін шығаруға кіріседі, деп хабарлады Bloomberg.

Компания жаңа телефонды наурыз айында шығаруды жоспарлап отыр.

Мәлімдеуінше, оның сыртқы келбеті экран диагоналы 4,7 дюйм болатын iPhone 8-ге ұқсас болады. Дегенмен Face ID биометриялық аутентификациясы болмайды.

Bloomberg-тің хабарлауынша, бюжеттік iPhone шығару арқылы Apple компаниясы мобильді құрылғылар нарығындағы өз үлесін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Өткен жылдың соңында iPhone 12-нің дизайны таныстырылған болатын.

Apple-дің алдағы жылдары қандай құрылғылар шығаратынын мына жерден оқуға болады.

Еске салсақ, 2019 жылдың қарашасында Apple компаниясының бас дизайнері Джонатан Айв компаниядан кеткен болатын. Ол компанияда 1992 жылдан бері жұмыс істеп, 1996 жылдан бастап құрылғылардың сыртқы бейнесіне жауап беріп келген.

Дайындаған: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы