430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қылмыс пен жаза... Санкт-Петербургте ұры аяғын сындырып алды

  • 768
  • UPD: 09:53, 04.02.2020
Қылмыс пен жаза... Санкт-Петербургте ұры аяғын сындырып алды

Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ол дереу полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Санкт-Петербургте картинаны қолды қылмақ болған ұры қылмыс орнында абайсызда аяғын сындырып алды.

Бұл туралы Лайф ру интернет-басылымы жазды.

Көшеде ұйымдастырылған көрмеде қаскөй 60 жастағы суретшіні түйіп өтіп, көптің көзінше «Алтын күз» картинасын ілулі тұрған орнынан үптеп кетпекке әрекеттенген. Өнер туындысының құны 25 мың рубль шамасында екен. Арам ойын жүзеге асырып, қаша бергенде кенет аяғы тайып құлап, мертіккен.

Анықталғандай, қылмысты 28 жастағы Иркутск облысының тұрғыны жасаған. Енді ол осы ісі үшін сот алдында жауап береді. 

Аударған: Н.Т

Хабар 24 телеарнасы