425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ДСҰ қауіпті вирусқа қатысты мәлімдеме жасады

  • 681
  • UPD: 12:00, 24.01.2020
ДСҰ қауіпті вирусқа қатысты мәлімдеме жасады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайда өршіген коронавирусқа байланысты әлемде төтенше жағдай енгізбейтінін жариялады. Халықаралық ұйым қаупті індетке қатысты өткізілген шұғыл отырыстан кейін осындай шешім қабылдады. Мамандар жұқпалы аурудың қауіптілік деңгейін жіті бақылауда ұстап отырғанын айтады. Және де індеттің өзге елдерге таралуы туралы ақпарат зерттеліп жатқанын жеткізді. 

Тедрос Адан Гебрейесус, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры:

- Аталған індетке байланысты әлемдік деңгейде мұндай шараны жарияламауды жөн көріп отырмыз. Себебі төтенше жағдай Қытайда ғана қалыптасқан. Бірақ бүкіл әлемде төтенше жағдай жариялайтындай қауіп жоқ. Қытай билігінің қолға алған шаралары індеттің таралуына тосқауыл болады деп үтміттенеміз.

Ал Қытайда қауіпті дертке байланысты Ухань мен Хуанган қаласына карантин енгізіліп, тағы бірнеше шаһармен байланыс шектелді. Карантинге жабылған қалаларда азық-түлік жетіспеушілігі басталып, бағалар өсіп кеткен. Қытайдағы жағдайға байланысты әлемнің көптеген елінде сақтық шаралары күшейтілді.

Хабар 24 телеарнасы