376,52 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп импичментінің үшінші күні өтті

  • 201
  • UPD: 14:30, 24.01.2020
Трамп импичментінің үшінші күні өтті

АҚШ-та жыр болған импичмент ісінің үшінші күні өтті. Бұл жолы республикалықтар демократтарға айып тағып отыр.

Өйткені Трамп қарсыластары нақты дәлел мен айғақ ұсынбай, күнде жаттанды сөздерін қайталай беретін көрінеді. Айта кетейік, Митч Макконелдің бекітілген резолюциясына сай демократтарға Дональд Трамптың қылмысын әшекерелеу үшін үш күн берілген болатын. Одан кейін, сенаторлар екі тарапқа да сұрақтар қоя алады. Ол үшін 16 сағат бөлінді. Сондай-ақ Сенат импичмент ісін мерзімінен бұрын аяқтап тастауы мүмкін.

Тим Скотт, сенатор:

- Күнделікті естіп жатқанымыз бір әңгіме. Бір нәрсені қайталай ерсе, шындыққа ұқсап кетеді деген мақал бар еді ғой. Сол іспеттес. Демократтарда нақты дәлел, айғақ жоқ.

Хабар 24 телеарнасы