375,77 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропарламент комитеті Brexit туралы келісімді бекітті

  • 122
  • UPD: 14:55, 24.01.2020
Еуропарламент комитеті Brexit туралы келісімді бекітті

Еуропарламенттің конституциялық істер жөніндегі комитеті де Ұлыбританияның Еуроодақтан шығу туралы келісім-шартты бекітті. 

Құрылымның 23 мүшесі құжатты қолдап дауыс берсе, үшеуі қарсы шақты. Бүгін келісімге Еурокеңес пен Еурокомиссия басшысы қол қоюы тиіс. Еуропарламент депутаттары болса оны 29 қаңтарда дауысқа салады. Осыдан кейін қаңтардың 31-інен бастап биылғы жылдың соңына дейін өтпелі кезең жүреді. Осы аралықта Брюссель мен Лондон екіжақты қатынастың келешегін талқылап, айқындауы тиіс. 

Антонио Таяни, Еуропарламенттің конституциялық істер жөніндегі басшысы:

Ұлыбритания ЕуроОдақты тастап шыққалы отыр. Бұл тарихи сәт. Мемлекеттің одақтан шығуы өте өкінішіті әрине. Алайда британ халқының шешімі осындай. Еуропарламент келісім-шартты қаңтардың 29-ы күні дауысқа салады. Осыдан кейін оны Еурокеңес бекітеді.

Хабар 24 телеарнасы