376,52 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда коронавирусты жұқтырған екінші адам анықталды

  • 267
  • UPD: 23:07, 24.01.2020

Оңтүстік Кореяда коронавирусты жұқтырудың екінші жағдайы тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол 55 жастағы азамат. Қытайдың Ухань қаласында жұмыс істейтін ол 19 қаңтар күні тамағы ауырып, жергілікті ауруханаға барған. Алайда ондағы мамандар ағзасынан қауіпті дерттің белгілерін анықтай алмаған. Сөйтіп 22 қаңтарда ол Сеулге ұшып барған. Елге оралысымен, денсаулығындағы кінарат анықталып, кеше кешке диагнозы расталды.

Чон Ын Кён, Корея республикасы ауруларды бақылау және алдын алу орталығының директоры:

– Ухань қаласынан ұшақтар қонғанда, біз әр жолаушыны тексереміз. Алайда Оңтүстік Кореяға жететін халықтың жартысы Қытайдан келетіндіктен, барлығын қадағалау қиын. Біз қауіп деңгейі жоғары қалалардан келетін жолаушылар үшін карантин өту тәртібін күшейттік, ал қалғандарын иммиграция аймағына жеткенде тексереміз.

Хабар 24 телеарнасы