375,77 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркиядағы зілзала: 30-дан астам адам үйінді астында қалып қоюы мүмкін

  • 158
  • UPD: 13:18, 25.01.2020
Түркиядағы зілзала: 30-дан астам адам үйінді астында қалып қоюы мүмкін

Түркиядағы жер сілкінісінен 20 адам қаза тауып, 500-ден астам тұрғын жарақат алды.

6,8 балдық зілзала Элазығ провинциясында тіркелді. Бұл туралы елдегі меншікті тілшіміз Меруерт Қанағат хабарлайды. Дүмпудің қатты болғаны соншалық, шекаралас үш бірдей аймақта ондаған ғимарат жермен-жексен болды. Үйінділер астында 30-дан астам кісінің қалып қоюы мүмкін деген болжам бар. Жерасты дүмпүлері көрші Сирия, Ливан мен Иранда да сезілген. Қазір апат болған жерде құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы