Үндістан ғарышқа адамға ұқсайтын роботты аттандыратын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Шара кеңістікке экипажы бар ғарыш кемесін жіберуге дайындық ретінде жүзеге асырылады. Сапар осы жылдың соңына жоспарланып отыр. «Вио Митра» немесе «Аспан досы» деп аталған робот ғарышта адам тәрізді әрекет етіп, жерге қажетті мәліметтерді жібереді. Осы тәжірибеге сүйеніп, Үндістан 2021 жылдың желтоқсан айында алғаш рет кеңістікке 3 экипаж мүшесінен тұратын ғарыш кемесін ұшыруды жоспарлап отыр.