379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 22 адамға жетті

  • 219
  • UPD: 16:38, 25.01.2020
Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 22 адамға жетті

Доганйол ауданындағы қуатты зілзала салдарынан Малатья түрік провинциясында 4 адам, Элязыг провинциясында 18 адам мерт болды. Бұл туралы Түркия Ішкі істер министрі Сулейман Сойлу мәлімдеді.

Оның айтуынша, зілзаладан кейін құтқарушылар үйінді астынан 39 адамды шығарып алған. «Біздегі мәлімет бойынша, жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендердің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», - деді Сойлу. 

24 қаңтарда Түркияның шығысында жергілікті уақытпен 20:55-те магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі болып, 20 адам қаза тапты.

Жерасты дүмпуінің ошағы Сивридже уезінің Элязыг провинциясында орналасқан. Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі басқармасының (AFAD) мәліметінше, зілзаладан кейін магнитудасы 2,7-5,4 балл аралығында 60 афтершок тіркелген. Жерасты дүмпуі Эльязыг маңындағы провинциялар (Адана, Хатай, Османие, Тунджели, Газиантеп, Шанлыурфа, Малатья, Мардин, Самсун, Токат, Чорум және Кайсери) мен Сирияның солтүстігінде байқалған.

Хабар 24 телеарнасы