423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чилиде бейбіт басталған шеру полициямен қақтығысқа ұласты

  • 444
  • UPD: 07:55, 26.01.2020
Чилиде бейбіт басталған шеру полициямен қақтығысқа ұласты

Чили астанасы Сантьягода белсенділер кезекті мәрте шеруге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бетперде киіп шыққан демонстранттар оны үкіметке қарсы ереуілдің 100 күн толуына орай ұйымдастырған. Алайда бейбіт басталған шеру соңы әдеттегідей полициямен қақтығысқа ұласты.

Ереуілшілер тәртіп сақшыларына тас лақтырған. Ал полицейлер наразы топты тарату үшін су атқыштар қолданды.

Айта кетейік, елдегі жаппай ереуілге метро жолақысының қымбаттауы түрткі болды. Ел үкіметі бұл шешімнен бас тартқанымен, тұрғындар тыныштық таппады. Чилиліктер денсаулық сақтау мен білім салаларында және зейнетақы жүйесіне реформа өткізуді талап етуде.

Хабар 24 телеарнасы