376,84 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқан адамдар саны 31-ге жетті

  • 287
  • UPD: 11:15, 26.01.2020
Түркияда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқан адамдар саны 31-ге жетті tengrinews.kz

Түркияның шығысында жер сілкінісі салдарынан көз жұмғандар саны 31-ге жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 1300-дей азамат түрлі деңгейде жарақат алған. Бұл туралы жергілікті төтенше жағдайлар қызметі хабарлады. Бұдан бөлек, құтқарушылар 43 тұрғынды үйінді астынан құтқарып алған. Іздестіру жұмыстары әлі жүріп жатыр. Айта кетейік, кеше Түркияның Елазығ провинциясында жойқын жер сілкінісі болды. Оның қуаты 6,8 балға жетті. Дүмпудің салдарынан ондаған ғимарат жермен жексен болды.

Хабар 24 телеарнасы