448,01 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытай қауіпті коронавирусқа қарсы вакцина жасауға кірісті

  • 538
Қытай қауіпті коронавирусқа қарсы вакцина жасауға кірісті Matritca.kz

Жұқпалы ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ғалымдары жаңа коронавирусқа қарсы вакцина дайындалып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат China Daily-ге сілтеме жасап.

«Орталық ғалымдары вирусты анықтап, екпе жасауға қажетті штаммды таңдау жұмыстарын жүргізуде», - деді орталық басшысы Сюй Вэньбо.

Оның айтуынша, екпені зерттеу және жасау – өте күрделі процесс. Вакцина қолданысқа дайын болу үшін кемінде 2-3 жыл қажет. Ал бүгін таңертең Канадада жаңа коронавирус түрін жұқтырған алғашқы азамат тіркелгені мәлім болды. Fox News мәліметі бойынша, коронавирус бейсенбі күні Қытайдың Ухан қаласынан Торонтоға оралған 50 жастағы ер адамнан табылды. Сонымен қатар, вирусты жұқтыру фактілері осы демалыстарда Аустралия мен Малайзияда да анықталды. Франция инфекцияға шалдыққан алғашқы науқас жұма күні тіркелгенін мәлім еткен еді. Yonhap хабарлауынша, бүгін таңертең Оңтүстік Кореяда коронавируспен үшінші адам есепке алынды. 54 жастағы науқас дүйсенбі күні Уханьнан Оңтүстік Кореяға оралған, қазір карантинде. Бүгін Қытай жаңа коронавирусты жұқтырғандар 2 мыңнан асып кеткенін растады. Қауіпті вирус елде 56 адамның өмірін қиды.

Хабар 24 телеарнасы