418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Малиде лаңкестер әскери лагерьге шабуыл жасады: 15 адам қаза тапты

  • 415
  • UPD: 21:42, 26.01.2020
Малиде лаңкестер әскери лагерьге шабуыл жасады: 15 адам қаза тапты РИА Новости

Малиде лаңкестер әскери лагерьге шабуыл жасады.

Ұрыс кезінде қауіпсіздік күштерінің 15 қызметкері қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Лаңкестер жексенбіде Сегу аймағындағы Соколо қаласындағы әскери лагерьге шабуыл жасаған.

«Соколодағы әскери лагерде террористердің шабуылынан кемінде 15 малилік әскерилер қаза тапты», - деді дереккөз.

Шабуыл жасағандар лагерден өздерімен бірге қару-жарақ және әскери құрылғыларды алып кеткен.

Хабар 24 телеарнасы