377,04 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливанда үкіметке қарсы ереуілдер басылмай тұр

  • 109
Ливанда үкіметке қарсы ереуілдер басылмай тұр

Ливандағы толқулар басылмай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ашуға булыққан жұрт Бейрут көшелеріне шығып, үкімет ғимаратына лап қойды. Тәртіп сақшылары да қарап қалған жоқ, халыққа қарсы су атқыштар мен көз жасаурататын газ қолданды. Сөйтіп, ереуілшілерді кері ығыстырды. Ливанда үкіметке қарсы ереуілдер өткен жылдың қазан айында басталған. Халық билікті жемқорлыққа қатысы бар деп айыптап, экономикалық реформа өткізуді талап етуде.

Хабар 24 телеарнасы