422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайдағы коронавирустың себебі анықталды

  • 1225
  • UPD: 10:30, 27.01.2020
Қытайдағы коронавирустың себебі анықталды

Қытай ғалымдары коронавирустың жаңа түрінің пайда болу себептерін анықтады. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының орталық телеарнасы мәлімдеді.

Мамандар Уханьдағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеуден өткізді. Оның қатарында жабайы аңдар да болыпты. Зерттеу нәтижесі бойынша 585 сынаманың 33-нен коронавирустың жаңа түрі вирустық нуклеин қышқылы анықталған. Осыған орай мамандар эпидемияның тарауына жабайы аң саудасы әсер етуі мүмкін деген қорытындыға келіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы