426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 38 адамға жетті

  • 601
  • UPD: 11:58, 27.01.2020
Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 38 адамға жетті

Түркияда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 38-ге жетті. Бұл туралы елдің төтенше жағдай және табиғи апат бойынша басқармасы мәлімдеді.

Бұған дейін 35 адам қаза тауып, 1607 тұрғынның зардап шеккені айтылған еді. Айтпай келген апаттан соң 100-ден астам адам ауруханаға түкен. Айта кетейік, өткен жұма күні Түркияның шығысындағы ЭлязЫг елді мекенінде 6,8 магнитудалы жер сілкінген еді. Сондай-ақ жерасты дүмпуі Израиль, Ирак, Сирия елдерінде де сезілген.

Хабар 24 телеарнасы