443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Моңғолияда коронавирусқа байланысты ЖОО-лар мен мектептер жабылды

  • 238
  • UPD: 13:19, 27.01.2020
Моңғолияда коронавирусқа байланысты ЖОО-лар мен мектептер жабылды

Моңғолияда барлық оқу орындары 2 наурызға дейін жабылды, деп хабарлады МОНЦАМЭ.

Бұл шешім Қытайда пайда болған жаңа коронавирустың таралуын болдырмау үшін қауіпсіздік шарасы ретінде қабылданып отыр.

«Инфекцияны жұқтыру ықтималдығы жоғары болғандықтан университеттердің, кәсіптік оқу орталықтарының, «Найрамдал» халықаралық балалар орталығының, мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің жұмысын тоқтата тұру туралы шешім қабылдады», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы