426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконгте ереуілшілер карантинға арналған ғимаратты өртеді

  • 514
  • UPD: 12:58, 27.01.2020
Гонконгте ереуілшілер карантинға арналған ғимаратты өртеді

Гонконгта ереуілшілер коронавирусқа шалдыққандарды карантинде ұстайтын ғимаратты өртеп жіберді.

Жергілікті билік бұл нысанның құрылысы жаңа ғана аяқталғанын айтады. Өрт сөндірушілер қызыл жалынды ауыздықтап үлгерген. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, бір адамды тұтқынға алды. Бұған дейін екі жүздей адам көшеге шығып, ереуілдер ұйымдастырған еді. Наразы халық биліктің бірқатар тұрғын үй кешендерін карантиндік аймаққа айналдыру шешіміне қарсы шыққан. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, ереуілшілер ғимарттардың төменгі қабаттарын өртеп, жолды жауып тастаған.

Хабар 24 телеарнасы