405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Билл Гейтс коронавирусқа қарсы шараларға $10 млн бөледі

  • 433
  • UPD: 13:46, 27.01.2020
Билл Гейтс коронавирусқа қарсы шараларға $10 млн бөледі

Microsoft корпорациясының негізін қалаушы, миллиардер Билл Гейтстің қайырымдылық қоры коронавирусқа қарсы Қытай мен Африкада жүргізіліп жатқан шараларға көмек үшін 10 миллион доллар бөледі, деп хабарлады қордың сайты.

«Бүгін Bill & Melinda Gates қоры Қытай мен Африкада коронавирустың жаһандық таралуына қарсы күресіп жатқан адамдарға көмек көрсету үшін шұғыл түрде 10 млн доллар қаражат пен тиісті техникалық қолдау көрсететінін мәлімдеді», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, Қытайда пайда болған індет күн сайын өршіп барады. Қазіргі уақытта әлемнің 13 елінде тіркелген бұл дерттен 80-нен астам азамат көз жұмды.

Ал Моңғолияда 2 наурызға дейін коронавирусқа байланысты ЖОО-лар мен мектептер жабылды.

Хабар 24 телеарнасы