377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Болжам бар, кесім жоқ... Қытайдағы кесапат неден шықты?

  • 517
  • UPD: 16:39, 29.01.2020
Болжам бар, кесім жоқ... Қытайдағы кесапат неден шықты?

Бұл қайдан келген дерт? Неден таралып жатыр? Мамандар кесіп пікір айтқан жоқ.

Әзірге болжам ғана. Мысалы, Уханьдағы теңіз өнімдерін саудалайтын базардан алынған сынамаларды зерттеген сарапшылар эпидемияның тарауына жабайы аң саудасы әсер етуі мүмкін дегенді алға тартады. Осы ретте Қытай жабайы жануарлардың саудасы мен тасымалына тыйым салды. Сондай-ақ, тұрғындарға дала аңдарының етін күнделікті тағамға пайдаланбауға кеңес берілді. Ал әзірге коронавирусқа қарсы дәрі табылған жоқ. Сондықтан мамандар індеттен қорғану үшін гигиена сақтаудан асқан тәсіл жоқ дейді. Яғни қолды жуып, медициналық бетпердені қолдануға кеңес беріп отыр.

Хабар 24 телеарнасы