381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливанда наразылық шеруі кезінде ондаған адам жарақат алды

  • 115
Ливанда наразылық шеруі кезінде ондаған адам жарақат алды

Ливан астанасында билікке қарсы тағы наразылық шеруі өтіп, 27 адам жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Депутаттар осы жылдың бюджетін талқылау кезінде шерушілер ғимаратқа қарай өтпек болып, полициямен қақтығысты.

Тәртіпсіздіктерге қарамастан Парламент былтыр күз айында отставкаға кеткен Саад Харири үкіметінің бюджет жобасын бекітті. Жаңа премьер-министр Хасан Диаб осы құжатқа сүйеніп экономикалық реформаларды жүзеге асыратынын жеткізді. Айта кетейік, Ливанда наразылық шерулері былтыр қазан айынан бері жалғасып келеді. Оған ел экономикасының құлдырап, халық тұрмысының нашарлауы себеп.

Хабар 24 телеарнасы