Америкалық Facebook компаниясының басшылығы коронавирустың өршуіне байланысты өз қызметкерлерінің Қытайға сапар шегуіне шектеу қойды.
Бұл туралы Bloomberg хабарлады.
Агенттік бұл шаралар 27 қаңтарда күшіне енгенін айтып өтті.
Егер компания қызметкерінің міндетті түрде Қытайға баруы керек болса, онда ол арнайы рұқсат алуы қажет.
Сонымен қатар компания қытайлық штаб-пәтерінде жұмыс істейтін қызметкерлері мен жақын арада Қытайға барып келген қызметкерлеріне үйден жұмыс істеуде рұқсат берді.