381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ Ухань қаласынан 200 адамды эвакуацияламақ

  • 153
АҚШ Ухань қаласынан 200 адамды эвакуацияламақ

АҚШ-тың мемлекеттік департаменті сейсенбі күні Ухань қаласынан шамамен 230 америкалық азаматты чартерлік рейспен құрама штаттарына эвакуацияламақ, деп хабарлайды «Хабар 24»

Еліне оралатындардың арасында дипломаттар мен олардың отбасылары бар. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, ұшақ Уханьның жабық әуежайына қонып көп ұзамай кері қайтатын болады. Айта кетейік, қазір Уханьда мыңға жуық АҚШ азаматы бар. Ал Камбоджада қауіпті вирусты жұқтырған алғашқы адам тіркелді. Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды. Науқастың қытай азаматы екені белгілі. Ол Ухань қаласынан Камбоджаға қаңтардың 23 күні келген екен. Естеріңізге салайық, қазіргі уақытта Қытайда коронавирус жұқтырғандардың саны 4 мың 500 -ден асты. Ал 106 адам осы дерттен көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы