420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Трамп Иерусалимді бөлуге арналған құжатты ұсынады

  • 469
  • UPD: 17:48, 28.01.2020
Трамп Иерусалимді бөлуге арналған құжатты ұсынады

Ақ үй Палестина мен Израиль арасындағы шиеленісті реттеуге арналған жоспарын ұсыну керек. Құжатқа сәйкес, тараптар жылдар бойы таласқан аймақтарды өзара бөліп алуы тиіс.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Дональд Трамп даулы аймаққа айналған Иерусалимді Израильдің территориясына жатқызып отыр. Палестина болса, бұған үзілді-кесілді қарсы. Осыған орай палестиналықтардың жақтастары Газа Секторында орналасқан БҰҰ ғимаратының алдында наразылық акциясын ұйымдастырды. Ашуға бой бергендер АҚШ саясатына қарсы ұрандатып тәртіпсіздік орнатты.

Естеріңізге салайық, Израиль мен Палестина арасындағы қайшылық пен тартыс көп жылдардан бері жалғасып келеді. Бүгінде тараптар өңірдегі аса маңызды Иерусалим қаласы үшін таласып жатыр. Екі жақ та бұл шаһарды өздерінің бас қаласы ретінде санайды.

Хабар 24 телеарнасы