375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда коронавирустың таралуы ушыға түсуі мүмкін

  • 184
  • UPD: 23:25, 28.01.2020
Қытайда коронавирустың таралуы ушыға түсуі мүмкін

Қытайда алдағы 1 аптаның ішінде коронавирус індетінің өршуі күшейеді. Жергілікті билік осылай деп мәлімдеді. Қазір дертті жұқтырғандармен байланысқа түскен 44 мыңнан астам адам дәрігерлердің жіті бақылауында.

Мамандар 1 науқастан дерттің 2-3 адамға жұғып, оны жеңіл жұқтырған адамның емделуіне 7 күн, ал ауыр халдегі кісінің жазылуына 2 аптадай уақыт кететінін айтады. Бұдан бөлек науқас дерттен айыққан соң да қоршаған ортаға қауіпсіздігі тексерілуі тиіс дейді.

Еске сала кетейік, Қытайда соңғы бір күнде коронавирустан көз жұмғандардың саны күрт өсіп, 106-ға жетті. Ауруды қазірге дейін 4 мыңнан астам адам жұқтырған. Олардың 900-ден астамы ауыр халде жатыр.

Цзэн Гуан, Қытайдың ауруларды бақылау және емдеу орталығының қызметкері:

- Жаңа дертке кез келген адам шалдығуы мүмкін. Сондықтан вирустың жасөспірімдер арасында таралу ықтималдығын жоққа шығармаймыз. Осыған байланысты профилактикалық жұмыстарға ден қойылып жатыр. Балаларды үнемі бақылап, олардың қорғаныш маскаларын дұрыс киюі мен тазалық шараларын сақтауын қадағалуымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы