376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда коронавирустан қаза тапқандардың саны 130-дан асты

  • 152
  • UPD: 09:47, 29.01.2020
Қытайда коронавирустан қаза тапқандардың саны 130-дан асты

Қытайдың Хубэй провинциясында коронавирустан қаза тапқандардың саны 130-дан асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал 6 мыңға жуық адам дертке шалдыққандардың қатарында.

Бұл туралы жергілікті ақпарат көздері хабарлайды. Індеттің тез таралуына қатысты АҚШ билігі Қытаймен әуе қатынасын уақытша тоқтатпақ ниетте. Нақты шешім әзірге қабылданған жоқ. Сонымен қатар әлемге танымал «Starbucks» компанясы Қытайдағы 2 мыңнан астам кофеханасын жапты. Ал Жапонияда соңғы аптаның ішінде бетперде саудасы 3 есеге артып кеткен. Онда жергілікті халыққа қонақ үй, супермаркет пен адамдар көп жиналатын өзде де жерлерде бетперде кию міндеттелді.

Масуми Цучида, қонақүй қызметкері:

– Қонақ үйде жұмыс істеймін. Клиенттеріміздің көбі Қытайдан келеді. Әрине, қазір өте қауіпті екенін түсінемін, алайда үнемі бетперде киіп жүремін.

Хабар 24 телеарнасы