377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Уханьда құрастырылатын Apple өнімін шығару кейінге қалдырылды

  • 104
  • UPD: 11:33, 29.01.2020
Уханьда құрастырылатын Apple өнімін шығару кейінге қалдырылды

Коронавирусқа байланысты iPhone SE 2 өндірісі кейінге қалдырылды, деп хабарлады debat.me.

Apple компаниясы қытайлық зауыттарда бюджеттік iPhone құрастыруды жоспарлаған болатын.

Өндіріс орны коронавирустың ошағына айналған Қытайдағы Ухань қаласының маңында орналасқан.

Айта кетсек, әйгілі америкалық iPhone өнімдері Қытайда құрастырылады.

Қазіргі уақытта карантинге жабылған Ухань қаласындағы зауытта жұмыс істейтін 10 000 адам өндіріс жұмыстарын уақытша тоқтатты. Соған байланысты компания енді iPhone SE 2 бюджеттік смартфонын жоспарланған уақытта шығармайды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бюжеттік смартфонның өндірісі ақпан айында басталып, наурыз айында қолданысқа шығатыны айтылған болатын.

Дайындаған: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы