411,61 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда нөсердің салдарынан 60-тан астам адам қаза тапты

  • 398
  • UPD: 11:32, 29.01.2020
Бразилияда нөсердің салдарынан 60-тан астам адам қаза тапты

Бразилияның оңтүстік-шығысында болған нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны 63-ке жетті, деп хабарлады ТАСС.

Қаза болған 52 адам жүзден астам муниципалитетте төтенше жағдай жарияланған Минас-Жерайс штатында тіркелген.

Ал 29 мыңға жуық тұрғын су тасқыны мен көшкін қаупіне байланысты үйлерінен көшірілді, 4 мыңнан астам адам баспанасыз қалды.

Көршілес Эспириту-Сантуда 9 адам қаза тапты. 13 мың адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды, олардың 1,5 мыңы жаңа баспанаға мұқтаж. Штат губернаторының есептеуі бойынша, су тасқынынан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарына шамамен шамамен 125 млн доллар кетеді.

Рио-де-Жанейроның солтүстігінде болған табиғи апаттан тағы екі адам көз жұмды.

Аударған: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы