411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕО Ухань қаласынан азаматтарын қайтарады

  • 271
  • UPD: 14:13, 29.01.2020
ЕО Ухань қаласынан азаматтарын қайтарады

Еуроодақ коронавирустың таралуына байланысты азаматтық қорғаныс механизмін іске қосты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл шара Еуроодақ азаматтарын Ухань қаласынан қайтару үшін консулдық қолдау көрсетуді сұраған Франция сауалынан кейін қолға алынды. Бұл мақсатта екі ұшақ қолданылып, Еуроодақ тасымалға кететін шығынның бір бөлігін қаржыландырады. Алғашқы мәліметтер бойынша, бірінші ұшақ 250 французды қайтару үшін бүгін ұшып шығады. Екінші ұшақ одаққа мүше өзге елдердің жүзден аса азаматын әкеледі. Бүгін Брюссельде өтетін Еурокомиссия коллегиясында коронавирусқа қатысты жағдай және Еуропада індеттің таралуына қарсы күрес шаралары бойынша ақпарат беріледі.

Балаш Уйвари, Еурокомиссияның ресми өкілі:

– Еуроодаққа мүше елдердің қатысуымен жәрдем беріліп жатыр. Атап айтқанда, елдеріміз арасында вакцина және медициналық құрал-жабдықты тасымалдауға логистикалық қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ азаматтық қорғаныс механизмінің көмегімен вирусты анықтайтын арнайы құралдар, мысалы тепловизорлар және өзге де көптеген затты жеткізуге болады. Алайда ең бастысы бұл механизм еуропалық азаматтарды Қытайдан қайтаруға қолданылуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы