431,03 474,00 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ямайкада 7,7 балдық жер сілкінісі болды

  • 221
  • UPD: 14:12, 29.01.2020
Ямайкада 7,7 балдық жер сілкінісі болды

Кариб теңізіндегі Ямайка аралының маңында күші 7,7 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы АҚШ-тың геологиялық қызметі хабарлайды. Жерасты дүмпуінің ошағы он шақырым тереңдікте орналасқан. Белгілі болғандай, бірінші жер сілкінісінен соң 3 сағаттан кейін апат екінші рет қайталанған. Дүмпу Майами, Гавана мен Кайман аралдарында да сезілген екен. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, аймақта бірнеше ғимараттан адамдар эвакуацияланды. Зілзала құрбандары жайлы ақпарат түскен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы