379,71 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда наразы жұрт АҚШ ұсынған жобаға қарсы шықты

  • 235
  • UPD: 14:53, 29.01.2020
Түркияда наразы жұрт АҚШ ұсынған жобаға қарсы шықты

Түркияның Анкара мен Ыстамбұл қалаларында АҚШ ұсынған «Ғасыр мәмілесі» жобасына қарсы халық ереуілге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Наразы жұрт Дональд Трамптың Таяу Шығыстағы Палестина мен Израильдің жер дауына қатысты дайындаған жоспарымен келіспейтіндерін айтты.

Ашуға бой алдырғандар Түркиядағы АҚШ елшілігінің алдына жиналып, Америка саясатына қарсы ұрандатты.

Естеріңізге салайық, жуырда Ақ үй Палестина мен Израиль арасындағы шиеленісті реттеуге арналған жоспарын ұсынған болатын. Құжатқа сәйкес тараптар жылдар бойы таласқан аймақтарды өзара бөліп алуы тиіс. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Дональд Трамп даулы аймаққа айналған Иерусалимді Израильдің территориясына жатқызып отыр. Палестина бұған үзілді-кесілді қарсы. Жалпы Израиль мен Палестина арасындағы қайшылық пен тартыс көп жылдардан бері жалғасып келеді. Бүгінде тараптар өңірдегі аса маңызды Иерусалим қаласы үшін таласып жатыр. Екі жақ та бұл шаһарды өздерінің бас қаласы ретінде санайды.

Хабар 24 телеарнасы