443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Франция полициясы мигранттардың тағы бір ірі заңсыз лагерін тапты

  • 141
Франция полициясы мигранттардың тағы бір ірі заңсыз лагерін тапты

Париж полициясы мигранттардың тағы бір ірі заңсыз лагерін бұзып, ондағы адамдарды уақытша орталықтарға эвакуациялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шара қала халқының наразылығынан кейін жүзеге асырылды. Себебі шаһардың солтүстігіндегі айналма жолдың маңында орналасқан лагерьдегі жағдай өте нашар болған. Келімсектер операция кезінде полицейлерге еш қарсылық танытпады.

Айта кетейік, Францияда 2015 жылдан бері заңсыз мигранттарға қарсы осындай 60-тан астам шара жүргізілген екен. Бірақ заңсыз лагерьлердің пайда болуы тоқтамай келеді.

Хабар 24 телеарнасы