377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Попокатепетль жанартауы жүз метр биіктікке атқылап жатыр

  • 209
Попокатепетль жанартауы жүз метр биіктікке атқылап жатыр

Мексикада Попокатепетль жанартауы тағы оянды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, от пен күл бірнеше жүз метр биіктікке атқылап жатыр. Жақын маңдағы елді мекендерді қалың шаң басып қалды. Елдің азаматтық қорғау қызметкерлері тұрғындарға жанартау маңына жақындамауға кеңес береді. Ғалымдардың айтуынша, бұл белсенділікке қауіппен қараған абзал. Қазір мамандар жанартаудың әрекетін жіті бақылап отыр. Табиғаттың тосын мінезінен мерт болғандар мен жарақат алғандар жайлы ақпарат түскен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы