378,36 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропалық Парламент Ұлыбританияның Еуроодақтан шығу туралы келісімін қолдады

  • 190
  • UPD: 12:14, 30.01.2020
Еуропалық Парламент Ұлыбританияның Еуроодақтан шығу туралы келісімін қолдады

Еуропалық Парламент Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығу туралы келісімін қолдады.

Бұл туралы Еуропарламенттің ресми сайты хабарлады. 

Еуропарламенттің 621 депутаты құжатқа қолдау білдірсе, 49-ы келісімге қарсы болды, тағы 13 депутат – қалыс қалды.

Айта кетейік, ЕО мен Ұлыбритания блоктан шығу шарттары туралы қараша айында келіскен болатын. Өткен аптада Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен және Еуропалық кеңес президенті Шарль Мишель келісімге қол қойды. Енді Ұлыбритания және Еуропа парламенттері келісімді ратификациялағаннан кейін мүшелігінде 27 мемлекет бар ЕО Кеңесі осы аптада құжатты мақұлдауы тиіс. Бұл Біріккен Корольдікке блоктан 31 қаңтарда шығуға мүмкіндік береді. Ұлыбритания қоғамдастықтан шыққаннан кейін аталмыш елдің ЕО-мен одан арғы қарым-қатынасы туралы келіссөздер биылғы наурыз айының басында басталатыны күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы