445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда коронавируске шалдыққандар саны артты

  • 182
  • UPD: 10:39, 30.01.2020
Францияда коронавируске шалдыққандар саны артты

Тибетте коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелді. Бұл ақпаратты Қытайдың ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы растады. Ал Францияда осы вирусты жұқтырғандардың саны тағы бір адамға артты.

Осылайша Францияда 5 адам шалдыққан. Елдің денсаулық сақтау министрінің хабарлауынша,  науқас бұған дейін осы диагнозбен ауруханаға түскендермен қарым-қатынаста болған екен.  Финляндияда  да коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелді. Белгілі болғандай ол жуырда Қытайдың Ухань қаласында болған. Қазір науқас Лапландияның ауруханасында оқшауланған бөлімінде жатыр.

Хабар 24 телеарнасы