437,98 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда өрт сөндірушілер ереуілі аяқталды

  • 150
  • UPD: 10:14, 30.01.2020
Францияда өрт сөндірушілер ереуілі аяқталды

Францияда өрт сөндірушілер 8 айға жалғасқан ереуілін ауқымды шерумен аяқтады. Бүкіл ел аумағындағы құтқарушылар Парижге келіп, қауіпті мамандығы үшін үстеме ақыны көтеруді талап етті. 

Өрт сөндірушілер шу шығаратын гранаталарды жарып, қаланың орталық көшелерімен өтті. Кейбір жерде полициямен де қақтығысып қалды. Құтқарушылар мамандықтарының қауіптілігі үшін төленетін үстеме ақыны қысқарту жөнінде үкімет шешіміне наразы. Бұл ретте Францияда құтқару қызметтерінің мамандарына шабуылдар саны жиілеп кеткенін айту керек.

Мишель доминик, Лион қаласының өрт сөндірушісі:

- Өкімет бізге уәде бергенімен оларға сенбейміз. Неліктен бізді полиция және жандармериямен бір деңгейге қоймайды? Біз де сондай еңбек етеміз, үйлерге кіргенде бізді де балағаттайды. Бірақ біз қорықпай кіріп, адамдарды құтқарамыз. Алайда еңбегімізді қадірлемейді.

Шеру басталғананан кейін бірнеше сағат өтісімен ішкі істер министрі үстеме ақыны 25%-ға дейін көтеруге уәде бергені белгілі болды. Өткен жылдың жазында басталған ереуіл құтқарушылардың жеңісімен аяқталды.

Хабар 24 телеарнасы