476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Сауд Арабиясында музыкалық аспаптарда ойнауға рұқсат берілді

  • 946
  • UPD: 14:44, 30.01.2020

Сауд Арабиясында әлеуметтік реформа музыка саласын да біртіндеп қамтып жатыр. Ел астанасы Эр-Рияд қаласының көшелерінен әуезді әуендер еркін естіле бастады.

Ал базарларда музыкалық аспаптарды сату өскен. Қазір Эр-Рияд базарында мұндай оншақты дүкен бар. Тұрғындар да баяғыдай «жазаға тартыламын» деген қорқыныш жоқ. Қоғамдағы өзгерістерге корольдіктің тақ мұрагері қолға алған реформалар себеп. «2030 стратегиясына» сай мемлекет ашық болуға тиіс. Мысалы, соңғы жылдары Сауд Арабиясында әйелдердің көлікті айдауына рұқсат етілді.

Абдулла Әлмаки, музыкант:

- Баяғыда халық алдында осылай өнер көрсетеміз деп ойламаппыз. Мен музыкалық аспапты ата-анам мен ақсақалдардан тығатынмын. Өйткені музыка ұят дүние болып саналды. Бірақ қазір салт-дәстүр өзгере бастады. Енді адамдардың алдында ән айтып, би билеудің еш әбестігі жоқ, керісінше мұндай өнер жақсы бағаланады.

Хабар 24 телеарнасы