424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бразилияда студент қыз арзан электр қуатын өндіру әдісін тапты

  • 584
  • UPD: 13:15, 30.01.2020
Бразилияда студент қыз арзан электр қуатын өндіру әдісін тапты

Бразилиялық студент қыз электр қуатының арзан әрі экологиялық жаңа түрін тапты.

22 жастағы Келли Морейра оны жай қағаз, графит және будан өндіруді ойлап шығарған. Өз әдісін іс жүзінде көрсету үшін Морейра графитпен боялған 20 төрт бұрышты қағазды біріктіріп, 60 жарық диодты шамды жағып көрсетті. Оның айтуынша энергия ауада бу түрінде болатын су молекулаларынан өндіріледі. Яғни электр қуаты бу графитпен боялған қағаз бетіне түскен кезде бөлінеді. Морейра алдағы уақытта өз зерттеуін жалғастырып, бұл әдіс арқылы алынатын электр энергиясынң күшін арттыруды көздеп отыр.

Келли Морейра, студент:

- Осы әдіс арқылы алынатын энергия ешқандай химиялық затпен байланысты емес. Электр қуатын ауадағы иондар шығарады. Сондықтан бұл әдіс экологиялық таза әрі тұрақты.

Хабар 24 телеарнасы