379,71 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус індетінің қашан тыйылуы мүмкін екені жарияланды

  • 735
  • UPD: 17:49, 30.01.2020
Коронавирус індетінің қашан тыйылуы мүмкін екені жарияланды

Коронавирустың жұғу қаупі қашан аяқталатыны туралы айтылды, деп хабарлады Reuters.

Алдын ала мәліметтер бойынша, коронавирустың өршуі ақпанның ортасында шыңына жетеді. Содан кейін жұғу қаупі төмендей бастайды және наурыз айының соңында толығымен аяқталады.

Қытайдың Ауруларды бақылау және профилактика орталығының жетекші эпидемиологы Цзэн Гуанның айтуынша, аурудың инкубациялық кезеңі бар.

«Уханьда карантин жарияланған 23 қаңтардан бастап есептейтін болсақ, 8 ақпаннан кейін жақсы нәтижелер көре аламыз. Содан кейін эпидемия басылуы мүмкін», - деді ол.

Аударған: Д:Доспан

Хабар 24 телеарнасы