476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Перуде су тасқыны баспаналарды зақымдады

  • 365
  • UPD: 15:00, 30.01.2020
Перуде су тасқыны баспаналарды зақымдады

Перуде су тасқыны ел тұрғындарын әуре сарсаңға салды. Табиғат апатынан жүздеген баспана су астында қалды. Аймақта көлік қозғалысы тежелді.

Мамандар бірнеше сағаттың ішінде жауын-шашын қалыпты нормадан еселеп түскенін айтады. Кей жерлерде су деңгейі 2 метрге дейін жеткен. Халық діттеген жеріне жете алмай әлек.

Айта кетейік, қазір Перуде жауын шашын маусымы басталды. Синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Айтуынша, нөсер әлі де жалғасатын болады.

Хабар 24 телеарнасы