379,71 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Apple мен Broadcom компаниясына 1,1 млрд доллар айыппұл салынды

  • 405
  • UPD: 07:40, 31.01.2020
Apple мен Broadcom компаниясына 1,1 млрд доллар айыппұл салынды

Лос-Анджелес соты Apple және оның серіктесі Broadcom компаниясына 1 миллиард 100 миллион доллар айыппұл салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған Broadcom бірлестігінің Калифорния технологиялық университетінің патенттеген чиптерін ұрлауы себеп. Apple осы серіктесінен алған чиптерді өзінің iPhone, iPad және Apple Watch сияқты өнімдеріне рұқсатсыз қолданған. Бірақ осыған қарамастан Apple өз кінасын мойындаудан бас тартып отыр. Бірлестіктің адвокаттары: «айыптау тікелей емес оның серіктес компаниясының әрекетіне негізделіп құрылған, ал чиптерді пайдаланудан университет еш жапа шеккен жоқ» - дейді. Осыған байланысты қос компания сот шешімін қайта қаруды сұрап, шағым түсірмек.

Хабар 24 телеарнасы