431,03 474,00 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грета Тунберг #FridaysForFuture қозғалысы деген жазуды өз атына бекітпек

  • 133
  • UPD: 11:14, 31.01.2020
Грета Тунберг #FridaysForFuture қозғалысы деген жазуды өз атына бекітпек

Грета Тунберг өз атын тауар белгісі ретінде тіркеуге ниетті және өз ұранын да патентеп алмақ ойда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы табиғатты қорғаушы қыз Инстаграмдағы парақшасында мәлімдеді. Грета бұдан бөлек, #FridaysForFuture қозғалысы мен швед тіліндегі «климат үшін мектеп ереуілі» деген жазуды да өз атына бекітуді жоспарлап отыр. Себебі соңғы уақытта белгісіз адамдардың өздерін «Тунбергтің өкілдеріміз» деп таныстыруы көбейген. Және де оның ұрандарын коммерциялық мақсатта пайдалану жиілеген. Сондықтан қаршадай қыз оларды заңды түрде тіркеп, бұл мәселерге нүкте қоюды шешкен.

Хабар 24 телеарнасы