430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ДДСҰ: Коронавирус халықаралық қауіпке айналды

  • 979
  • UPD: 13:55, 31.01.2020
ДДСҰ: Коронавирус халықаралық қауіпке айналды

Коронавирус әлем елдері бойынша әлі де таралуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осыған алаңдаулы. Індет Қытайдан бөлек тағы 18 елдегі 98 адамда тіркелеген. Бұл туралы осы ұйым өкілдері хабарлайды. Айтуынша, Германия, Жапония, Вьетнам мен АҚШ-та ауру адамнан адамға тараған. Осы орайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы індетті ресми түрде халықаралық деңгейде төтенше жағдай деп жариялады. Соңғы мәліметке сәйкес әлем бойынша вирус жұқтырғандардың саны 9700-ге жуықтады. Ал, кеселден көз жұмғандардың қатары 213-ке жетті. Бұл туралы Қытайдың ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы хабарлайды. Қазір 1300-ден астам адам ауыр халде жатыр. Тағы 12 мыңнан астам адамда ауру белгілері пайда болды. Алайда нақты диагноз әлі қойылған жоқ.

Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДСҰ бас директоры:

- Мен коронавирустың кең таралуына қатысты әлеуметтік денсаулық сақтау саласында халықаралық төтенше жағдайды жариялап отырмын. Декларацияның қабылдануына Қытайдағы жағдай ғана емес, әлем елдеріндегі ахуал да себеп болып отыр. Бұл шешім Қытай билігіне вотум жариялау дегенді білдірмейді. Керісінше, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытай елі коронавирустың таралуын тоқтатып, бұл дертті жеңіп шығады деген үмітте.

Хабар 24 телеарнасы