375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Британиялықтар Brexit-ті қалай тойлады?

  • 131
  • UPD: 21:03, 01.02.2020

Еуропалық одаққа 47 жыл мүше болған Ұлыбритания ресми түрде оның құрамынан шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тарихи сәт Гринвич уақытымен сағат 23:00-де өтіп, Brexit жақтастары ұйымдастырған Парламент алаңындағы мерекелік салтанатқа жалғасты.

Ғалымжан Қараманұлы, тілші:

Вестминстер сарайы жанында кісі қарасы көп. Бірі жалаулатып, айтулы күнді тойлап жатса, енді бірінің көңіл-күйі жоқ. Бірақ болар іс болды. Бүгіннен бастап Ұлыбритания Еуропалық одаққа мүше емес.

Блиц 1:

Бұл өте маңызды әрі керемет сәт. Өйткені біз осы үшін дауыс бердік, ал Парламент елегісі келмей, оны тоқтату үшін бәрін жасады.

Блиц 2:

Біздің қуанышымыз еселеніп жатыр және біз өте бақыттымыз. Қанша жылғы еңбектен кейін бұл күннің туғанына ризамыз.

Жүздеген адам Brexit-ті тойлауға жиналған. Көпшілігі алкогольдік ішімдікке тойып алған. Өйткені бұл тарихи күн, деп ақталады олар. Патриоттық әндер орындап, жүргізушілерді және Brexit-пен аттас партияның көшбасшысы Найджел Фараджды қолдағандар көп болды.

Найджел Фарадж, Brexit партиясының көшбасшысы:

- Бүгін мен 27 жыл қатарынан күрескен және мыңдаған адам осы үшін уақытын, махаббатын және ақшасын сарп еткен күн. Біз ешқашан құлақ асқысы келмеген референдумның өтуіне қарсы болған билік басындағылармен алыстық.

Бұған дейін еуропалықтарды қолдаушы демонстранттар Еуроодақпен тиісті деңгейде қоштасу үшін шеру ұйымдастырған болатын. Ал Шотландияда Brexit-ке қарсы митингілер өтті. Бірақ ештеңеге қарамастан, бұл күні Даунинг-стритті сәулелендірген лазерлік шоу ұйымдастырылды. Премьер-министр Борис Джонсон елді біріктіріп, алға жылжытамын деп ант-су ішіп отыр.

Борис Джонсон, Ұлыбритания премьер-министрі

Еуроодақ 50 жыл қатарынан дамып келді. Бірақ бұл жол біздің елді қанағаттандырмайды. Ең басты айтқым келгені, бұл соңы емес, басы. Ұлттық жаңару мен өзгерістер сәті.

Әрі қарай не болмақ? Еуроодақтың көптеген заңдары сол күйінде қалады. Оның ішіндегі өтпелі кезең аяқталғаннан кейін 31 желтоқсанға дейін адамдардың еркін жүріп-тұруы да шектеусіз болмақ. Ұлыбритания Еуроодақпен еркін сауда жасау туралы келісімге қол қоймақшы, мұндай келісімді Еуроодақ Канадамен жасасқан болатын. Еуропалық көшбасшылардың пікірінше, бұл мерзімге дейін келісімге келу үшін ауыр шайқас болатындығын ескертіп отыр.

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы

Хабар 24 телеарнасы