377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Airbus пара бергені үшін 3,6 млрд еуро айыппұл төлейтін болды

  • 127
  • UPD: 20:52, 01.02.2020
Airbus пара бергені үшін 3,6 млрд еуро айыппұл төлейтін болды euronews.com

Airbus («Эрбас») Еуропалық авиақұрылысы корпорациясы Франция, Ұлыбритания және АҚШ-пен сыбайлас жемқорлыққа байланысты тергеуді тоқтату туралы келісім аясында 3,6 млрд еуро төлейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews.com-ға сілтеме жасап.

Компания бірқатар сыбайлас жемқорлық істер бойынша өзінің кінәсін мойындады.

Атап айтқанда, 16 елде 13 жылдан бері заңсыз жұмыс істеп келген.

Олар жаңа нарыққа шығу үшін азаматтық және әскери келісімшарттар жасау кезінде шенеуніктер мен кеңесшілерге пара беріп отырған.

Ал сыбайлас жемқорлық ісімен жылдық бюджеті 270 миллион еуроны құрайтын стратегиялық жоспар және маркетинг департаменті айналысқан.

Францияның қаржы прокуратурасының деректеріне қарағанда, Airbus-тың осындай жолмен тапқан кірісі миллиард еуродан асқан.

Енді Франция Airbus компаниясынан - 2,1 млрд еуро, Ұлыбритания — 984 млн еуро, АҚШ — 526 млн еуро алатын болды.

Сыбайлас жемқорлық бойынша тергеу төрт жылға созылды. Компания тергеушілерге 30 миллион құжат ұсынған.

 

Хабар 24 телеарнасы