432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Уханьда коронавирусқа шалдыққандарды емдейтін ауруханалар ашылады

  • 854
  • UPD: 22:09, 01.02.2020
Уханьда коронавирусқа шалдыққандарды емдейтін ауруханалар ашылады

Қытайдың Ухань қаласында салынып жатқан екі аурухананың бірі науқастарды дүйсенбі күні қабылдай бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екіншісі сәтін салса, сәрсенбіде ашылады. Бұл туралы жергілікті билік мәлімдеді. Мамандар қазір 1 мың адамға арналған Хуошеншань ауруханасындағы бөлмелер қажетті құралдармен жабдықталып жатқанын айтады. Соңғы ақпарға қарағанда, Қытайда коронавирусқа шалдыққандардың саны 12 мыңға жуық. Ал осы дерттен көз жұмғандардың саны 259-ға жетті. Бұдан бөлек, 18 мыңдай тұрғын вирус жұқтырды деген күдікпен тіркеуге алынып, ауруға шалдыққандармен байланыста болған 118 мың адам бақылауда тұр. Індеттен көз жұмғандар мен жұқтырғандардың көбі Хубей провинциясының тұрғындары.

Хабар 24 телеарнасы