376,43 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сингапурде халыққа медициналық маска тегін таратылды

  • 175
  • UPD: 10:00, 02.02.2020

Сингапурде коронавирусқа байланысты тұрғындарға медициналық маска тегін таратыла бастады. Әр адамға 4 бетпердеден беріледі.

Жалпы бүкіл ел аумағында 5 миллион 200 мың маска таратылмақ. Осы арқылы билік елде тұрғындардың «бетперде тапшы болып қалуы мүмкін» деген үрейін болдырмауды көздеп отыр.  Айта кетейік, Сингапурде қазірге дейін вирусты 18 адамның жұқтырғаны белгілі болды.

Хабар 24 телеарнасы