427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайдағы коронавирус шыққан жерге көршілес маңайда құс тұмауы тіркелді

  • 710
  • UPD: 11:12, 02.02.2020
Қытайдағы коронавирус шыққан жерге көршілес маңайда құс тұмауы тіркелді

Коронавирус қауіпті дерттің ошағы саналатын Хубей провинциясымен көрші жатқан Хунань аймағында құс тұмауы тіркелді.

Бұл туралы осы елдің Ауыл шаруашылық министрлігі мәлімдеді.

Ақпаратқа сәйкес, дерт Шуанцин ауданындағы бір фермадан тараған. Қожалықтағы 8 мыңға жуық тауықтың 4 жарым мыңы тұмаудан қырылып қалған. Бірақ әзірге бұл ауруға тұрғындардың шалдыққаны жайлы ақапарат жоқ. Қазір індет шыққан ауданда қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы