420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Палестина АҚШ және Израильмен арақатынасын тоқтатады

  • 603
  • UPD: 16:42, 02.02.2020
Палестина АҚШ және Израильмен арақатынасын тоқтатады BitNovosti.com

Палестина Вашингтонның «Ғасыр келісіміне» байланысты АҚШ және Израильмен барлық қарым-қатынасын тоқтатады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Палестина басшысы Каирде осылай деп мәлімдеді. Махмуд Аббас таяуда БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне өзге жоспар ұсынатынын жеткізді.

Еске сала кетейік, қаңтардың 28-і күні президент Дональд Трамп Палестина-Израиль қақтығысын шешуге бағытталған «Ғасыр келісімі» жобасын жариялаған. Оған сәйкес Иерусалим Израиль астанасы деп танылып, Палестинаның бас қаласын Шығыс Иерусалимде құру қарастырылған. Бірақ Палестина бұл жобаға үзілді-кесілді қарсылық білдіріп, болашақ мемлекеттің аумағын 1967 жылғы шекара бойынша белгілеуді талап етіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы