425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ухань қаласынан 241 индонезиялық эвакуацияланды

  • 526
  • UPD: 21:33, 02.02.2020
Ухань қаласынан 241 индонезиялық эвакуацияланды

Қытайдың Ухань қаласынан Индонезия да 241 азаматын арнайы ұшақпен алып қайтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елге оралған индонезиялықтар жағалаудан 5 шақырымдай жердегі аралда әскери базаға орналастырылды. Енді 2 аптадай карантинде болады.

Айта кетейік, әлемнің өзге де елдері Хубей провинциясынан өз азаматтарын эвакуациялап жатыр. Осы аптада бірқатар мемлекет жүздеген азаматын қайтарды. Олардың бәрі де еліне оралған бетте уақытша арнайы орындарға оқшауланды. «Себебі осы уақыт аралығында адамның вирус жұқтырған-жұқтырмағанын анықтап, қажетті шараларды жүзеге асыруға болады дейді дәрігерлер.

Хабар 24 телеарнасы